Accessibility links

Молдова Рождествоны батыстық үлгіде атап өтеді


Рождество мерекесі қарсаңындағы Кишинев. (Көрнекі сурет)
Рождество мерекесі қарсаңындағы Кишинев. (Көрнекі сурет)
Молдова үкіметі батыс елдеріндегідей, 25 желтоқсанды Рождество мерекесі және демалыс күні деп жариялады. Бұл ел бұған дейін Рождествоны Орыс православие шіркеуі және Юлиан күнтізбесін қолданатын өзге де шіркеулер сияқты 7 қаңтарда атап өтетін.

Бейсенбі күні парламентте биліктегі коалиция депутаттарының көпшілігі 25 желтоқсанды Рождество мерекесі ретінде атап өтуді қолдап дауыс берді. Бірақ ресейшіл коммунистік оппозиция мен православие шіркеуі фракциясы мерекені ауыстыруды сынап, қарсылық білдірді. Дегенмен, 7 қаңтар Молдовада ресми мереке күйінде қалдырылды.

Мерекені ауыстыру туралы ұсынысты либерал депутат Валериу Мунтяну жасаған. Ол Рождествоны батыстық үлгіде атап өтуді қалайтын молдовалықтар қатары көбейіп келеді деген уәж айтқан.

Молдованың батысындағы көршісі Румыниянда халықтың көпшілігі православие дінін ұстанса да, Рождествоны Григориан күнтізбесі бойынша желтоқсанның соңында атап өтеді. Шығыс Еуропа елдері, оның ішінде Ресей де Рождествоны 7 қаңтарда тойлайды.
XS
SM
MD
LG