Accessibility links

АҚШ генералы Ресейдегі "бейәдеп ісі" үшін тергелген


АҚШ генералы Майкл Кэри.
АҚШ генералы Майкл Кэри.
АҚШ әскери әуе күштерінің зымыран күштерінің бұған дейін қызметінен босатылған командирі, генерал-майор Майкл Кэри Ресейге барған сапарында "бейәдеп қылық көрсеткен". Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Әскери әуе күштері тергеушілерінің хабарлауынша, Майкл Кэри биыл шілдеде Ресейге зымыран қауіпсіздігіне қатысты оқу-жаттығу жиынына АҚШ делегациясын бастап барғанында "ішімдік ішіп, ресейлік әріптестеріне дөрекі сөйлеген" және барда шетелдік әйелдермен бірге болған. Тергеушілер "ол әйелдер тыңшы болуы мүмкін" деген болжам айтады.

Кэри АҚШ әскери әуе күштерінің осы елде орналасқан құрлықаралық баллистикалық зымыран бөлімшелеріне жауапты командир болған.

Қазан айында қызметінен босатылған соң Майкл Кэри Әскери әуе күштері ғарыш қолбасшылығы командирінің көмекшісі қызметіне ауыстырылған. Ол енді ядролық қаруларға қатысты жауапкершіліктен босатылды.
XS
SM
MD
LG