Тұңғыш ғарышкер-робот
Қараша айынан бері халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан жапон астронавты Коичи Вакатаның --> http://www.azattyq.org/content/news/25160634.html жанында оған серік – тұңғыш ғарышкер-робот --> http://www.azattyq.org/content/news/25065874.html бар. Жапон тіліндегі «үміт» (кибо) және «робот» сөздерінен құралған Киробо есімді бұл робот жапон тілінде сөйлесе алады. Оның биіктігі – 34 сантиметр, салмағы – 1 килограмм. Сонымен бірге Жерде Киробоның Мирата (Mirata) атты тағы бір сыңары бар.