Accessibility links

БҰҰ миссиясына Қазақстан да қатысады


Қазақстандық сарбаздар. Ақтау, сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық сарбаздар. Ақтау, сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қазақстан парламенті бірлескен отырысында қарулы күштердің 20 офицерін БҰҰ миссияларына бақылаушы ретінде жіберуге келісті.

БҰҰ-ның Гаити, Батыс Сахара, Кот-д'Ивуар, Либерия мемлекеттеріндегі миссияларына қазақстандық 20 офицерді жіберу туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын парламент депутаттарына бүгін қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков хабарлаған еді. Президент ұсынысын сенаттың 45 депутаты мен мәжілістің 106 депутаты бірауыздан қолдап дауыс берген.

Парламентте сөйлеген министр Жақсыбеков әлемде қарулы қақтығыстар болып жатқан елдердегі БҰҰ миссияларына қазақстандық әскерилерден 150 адамға дейін қатыстыру жоспарланып отырғанын да айтты.
XS
SM
MD
LG