Accessibility links

Таиландта оппозиция үлкен шеру өткізбекші


Бангкоктегі үкіметке қарсы шеру. (Көрнекі сурет)

Бангкоктегі үкіметке қарсы шеру. (Көрнекі сурет)

Премьер-министр Йинглак Чинават басқаратын үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатқан Таиланд оппозициясы бүгін ел астанасы Бангкокте ірі наразылық акциясын өткізбекші.

Оппозиция жетекшілері бүгінгі қарсылық жиынына жүз мыңдаған адам қатысады деп жоспарлаған. Сенбі күні Таиландтың негізгі оппозициялық күші – Демократиялық партия басшылығы ақпанның 2-іне белгіленген сайлауға бойкот жариялайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін парламентті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы жасаған мәлімдемесінде премьер Чинават бұндай қадамға «елде зорлық-зомбылықтың өріс алуына жол бермеу үшін» барып отырғанын айтқан еді.

Елде мыңдаған адам Ийнглак Чинават үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптап, бірнеше аптадан бері үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, наразылық акцияларын өткізіп келеді. Таиландта үкіметке қарсы толқулар басталғалы бірнеше адам қаза тауып, 300-дей адам жараланған.

Қазір шетелде тұратын Таксин Чинаваттың үстінен Таиландта «коррупциялық әрекеттер жасаған» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылып, іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG