Accessibility links

Ходорковский Берлин қонақүйіне түсті


Ресей түрмесінен шыққан Михаил Ходорковский (сол жақта) мен Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншер (оң жақта). Берлин әуежайы, 20 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей түрмесінен шыққан Михаил Ходорковский (сол жақта) мен Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншер (оң жақта). Берлин әуежайы, 20 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей түрмесінен шығысымен Германияға ұшып кеткен ресейлік бұрынғы олигарх Михаил Ходорковский Берлиндегі Брандебург қақпасы жанындағы "Адлон" қонақүйіне түскен. 2003 жылы түрмеге қамалардан үш апта бұрын Ходорковский дәл осы қонақүйде сөз сөйлеген еді.

Түрмеден босап шыққан соң жария еткен алғашқы мәлімдемесінде Ходорковский "отбасылық жағдайға байланысты" рақымшылық жасау туралы президент Владимир Путинге қарашаның 12-і күні өтініш бергенін, бірақ онда "айыбын мойындау туралы мәселе болмағанын" айтқан. Ол ұзақ жылдар бойы өзіне қатысты істі назарда ұстаған барша жұртқа алғыс айта келе, бостандыққа шығуына үлес қосқаны үшін Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншерге ризашылық сезімін білдірген.

Ресейдің Карелия өңіріндегі колониялардың бірінде жазасын өтеп жатқан Ходорковский желтоқсанның 20-сы күні Ресей президенті Владимир Путиннің рақымшылық жариялау туралы жарлығы бойынша босатылған.

Бейсенбі күні өткізген баспасөз мәслихаты аяқталған сәтте Путин күтпеген жерден Ходорковскийге "адамгершілік принциптерін басшылыққа ала отырып рақымшылық жасауға ниетті екенін" мәлімдеген.

50 жастағы Михаил Ходорковский 2003 жылы тұтқындалғанға дейін Ресейдегі ең ірі ЮКОС мұнай компаниясын басқарған. 2005 жылы "салық төлеуден жалтарды" деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған Ходорковскийге 2010 жылы "табысын жасырды" деген айыппен екінші мәрте жаза кесілген. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, саяси астары бар деп санап келген. Оның түрме жазасы 2014 жылдың тамызында аяқталуы тиіс еді.
XS
SM
MD
LG