Accessibility links

Бен Ладеннің күйеу баласына жаңа айыптар тақты


Сүлейман Әбу Гейт. 2002 жылғы сәуір айында көрсетілген видеодан алынған сурет.

Сүлейман Әбу Гейт. 2002 жылғы сәуір айында көрсетілген видеодан алынған сурет.

АҚШ билігі атышулы әл-Қаида террорлық ұйымының бұрынғы басшысы Усама бен Ладеннің күйеу баласы Сүлейман Әбу Гейтке «террористік ұйымдарға ақша және басқадай көмек берген» деген қосымша айыптар тақты.

Бұған дейін оған «америкалық азаматтарға қарсы қастандық туралы сөз байласқан» деген айыптаған тағылған еді. Әбу Гейт бұл айыптауларды мойындамайды.

Бұл адам әл-Қаиданың баспасөзбен байланыс жөніндегі өкілі болған және осы ұйымның атынан әртүрлі мәлімдемелер жасаған делінеді. 2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы жасалған террорлық шабуылдардан соң Әбу Гейт АҚШ пен Израильге қарсы жаңа шабуылдар жоспарланып отырғаны туралы мәлімдеген.

Сүлейман Әбу Гейт биыл көктемде ұсталып, Иордания арқылы АҚШ-қа жеткізілген еді.
XS
SM
MD
LG