Accessibility links

Алматы әкімі жер беруді шектеуді ұсынды


Алматы маңындағы Бағанашыл елдімекеніндегі тұрғын үйлер. 3 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы маңындағы Бағанашыл елдімекеніндегі тұрғын үйлер. 3 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала аймағында жеке үйлердің құрылысына арналған жер телімдерін беруді шектеу қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін парламенттің аграрлық мәселе жөнніндегі комитетінің көшпелі жиналысында айтты,

Сонымен бірге әкім заңсыз алынған жер телімдерін мемлекет иелігіне қайтарып алу үшін арнайы комиссия құруды ұсынды. Ол жер телімін алуға тілек білдірген барлық тұрғындарға беретіндей Алматыда бос жер жоқ деп мәлімдеді. Есімов қазір Алматыда жер телімін алуға тілек білдірген азаматтардың берген 110 мың өтініш барын айтты.

Бұған дейін Алматыда бір топ азамат Қазақстанның тұрғын үй заңы бойынша елдің әрбір азаматы 10 сотық жер алуға құқылы екенін айтып, өздеріне жер телімдерін беруді әкімдіктен талап еткен болатын.

Өткен айда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының айналасындағы 30 шақырымдық аймақтан жер телімдерін беруге мораторий жариялап, жер беруді шектеуді тапсырған еді.
XS
SM
MD
LG