Accessibility links

Мурсиге үшінші айып тағылды


Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси.

Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси.

Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиге 2011 жылғы түрмеден қашу оқиғасына қатысты айып тағылды. Бұл іс бойынша айып тағылып отырған тағы 132 адамның арасында «Мұсылман бауырлар» қозғалысы жетекшілері мен ХАМАС және «Хезболла» радикалдық топтарының мүшелері бар.

2011 жылы сол кездегі президент Хосни Мүбәракқа қарсы жаппай наразылық шерулері болып жатқанда «Вади әл-Натурн» түрмесінен көп адам қашып кеткен еді. Елді 30 жылдай басқарған Мүбәрак отставкаға кеткен соң, демократиялық сайлау жолымен Египет президенті болып сайланған Мұхаммед Мурсиді биыл шілде айында әскерилер биліктен кетірген.

Содан бері қамауда отырған Мурсиге осымен үшінші айып тағылып отыр. Бұған дейін оған «елде террорлық актілер жасау үшін шетелдік ұйымдармен астыртын сөз байласты» деген айып тағылған. Бұдан өзге Мурси «билікте отырған кезде кісі өлтіруге және зорлық-зомбылыққа арандатқан» деген айып тағы бар.

Бұл іс бойынша соттың келесі отырысы 2014 жылғы қаңтардың 8-іне белгіленген.
XS
SM
MD
LG