Accessibility links

Түркияда тағы 25 офицер қызметтен босады


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған (оң жақта) мен оның бұрынғы саяси серігі Фетхулла Гүлен.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған (оң жақта) мен оның бұрынғы саяси серігі Фетхулла Гүлен.
Түркия ақпарат құралдарының хабарлауынша, елде жоғары шенді тағы 25 полиция офицері қызметінен босатылды. Түркияда құқық қорғау орындарының қызметкерлерін қудалау премьер-министр Режеп Тайып Ердоған үкіметінің бірқатар министрлерінің үстінен іс қозғалғаннан кейін басталған. Кейбір сарапшылар мұны Ердоған үкіметі мен полиция арасындағы саяси қақтығысқа жориды.

Өткен аптада тергеу шаралары басталғаннан бері 24 адам, оның ішінде екі министрдің балалары мен мемлекеттік Halkbank банкінің атқарушы директоры қамалған. Ондаған адам уақытша ұсталған. Ердоған полицияның тергеулерін өз үкіметіне қарсы "лас әрекет" деп атап, ол істің ұйымдастырушыларын қудалау жалғаса беретінін айтты.

Өткен аптадан бері барлығы 70-ке тарта офицер, оның ішінде Стамбул полициясының ықпалды басшысы қызметінен босатылды.

Тергеу кезінде Ердоған мен оның бұрынғы саяси серігі Фетхулла Гүлен арасындағы үлкен алауыздық бары байқалды. Фетхулла Гүленнің "Хизмет" саяси қозғалысының құқықтық құрылымдар арасында ықпалы күшті.
XS
SM
MD
LG