Accessibility links

Таиландтағы қарсылық


Бангкокте шерушілер стадионды қоршады. Онда 2014 жылы ақпан айында өтуі тиіс кезектен тыс парламент сайлауына кандидаттар тіркейтін мекеме орналасқан. Наразылар стадионға кіретін барлық есіктерді жауып тастаған. Мұның алдында Таиландтағы оппозициялық Демократиялық партия кезектен тыс сайлау өткізуге қарсы болып, көпшілікті шеруге шақырған еді. Көшелерде шеру басталған соң Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават парламентті таратып, өзі отставкаға кетті. Бірақ сайлау өткенше оның министрлер кабинеті жұмыс істей береді. Оппозиция бұл уақытша үкіметтің тарауын, жаңадан премьер сайлауды, саяси реформаларды жоспарлайтын «халық құрылтайын» өткізуді талап етеді.

XS
SM
MD
LG