Accessibility links

Apple Қытайда iPhone сата бастайды


iPhone смартфоны. Көрнекі сурет.

iPhone смартфоны. Көрнекі сурет.

Aplle компьютерлік компаниясы жексенбіде Қытаймен iPhone смартфондарын сату туралы келісім жасасқанын хабарлады. Компания Қытайдың мемлекеттік China Mobile компаниясымен осы елде iPhone смартфондарын сату туралы көпжылдық келісім-шарт жасасқан. Келісім бойынша Қытайда iPhone смартфондары 2014 жылдың 17 қаңтарынан көтерме сауда орындарында сатыла бастайды.

Apple әзірге келісім-шарттың қаржылық жағын жариялаған жоқ. Келісім iPhone-ға қытайлық смартфон жасайтын Lenovo, ZTE Huawei сияқты компаниялармен нарықта бәсекеге түсуге жол ашады.

Apple смартфондары АҚШ пен Еуропада кеңінен қолданылады. Бірақ Қытайда Google компаниясының Android бағдарламасымен жұмыс істейтін смартфондар басым.

Қытайлық China Mobile-дің 760 миллион тұтынушысы бар.
XS
SM
MD
LG