Accessibility links

Астанада бастауыш сыныптарда сабақ тоқтады


Астана қаласының картасы.

Астана қаласының картасы.

Астанада бүгін қатты аяз салдарынан мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары сабақтан босатылды. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігі хабарлады.

"Қазгидромет" мекемесінің хабарлауынша, бүгін түнде қалада ауа температурасы -29 градусқа дейін суытқан. Күндіз ауа температурасы -18 градус болып тұр.

Астанада ауа температурасы -25 градусқа жеткенде 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.
XS
SM
MD
LG