Accessibility links

Pussy Riot мүшесі Мария Алехина түрмеден босады


Pussy Riot панк-тобының мүшесі Мария Алехина.

Pussy Riot панк-тобының мүшесі Мария Алехина.

Pussy Riot панк-тобының мүшесі Мария Алехина бүгін түрмеден бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Петр Заикин хабарлады. Мария Алехина Ресейде өткен аптада конституцияның 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінген.

"Мария Алехина бостандыққа шықты. Құжаттарының барлығы дайындалып, оларға қол қойылды" деді Заикин.

Мария Алехина және топтың өзге мүшелері Надежда Толоконникова мен Екатерина Самуцевичпен бірге Мәскеудегі құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін 2012 жылы тамызда "бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді.

Кейін Самуцевичтің жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Алехина Нижегород облысында жазасын өтеп жатқан. Ал Толоконникова қазір Красноярск өлкесінде түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG