Accessibility links

Ауылшаруашылығы вице-министрі үстінен іс қозғалды


Астана қаласы. (Көрнекі сурет)

Астана қаласы. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның ауылшаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраевтың үстінен "пара алған" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы полициясының дерегінше, Өміраев 21 желтоқсанда "жеке кәсіпкерден тендерді жеңіп алуына көмектесу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды" деген күдікпен ұсталған. Сол күні оның үстінен "аса ірі көлемде пара алу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу шараларына байланысты қаржы полициясы өзге ақпараттарды жарияламады.
XS
SM
MD
LG