Accessibility links

Жаңадан үш шекара заставасы ашылды


Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның Жамбыл облысының аумағында, Қырғызстанмен шекарада "Сортөбе", "Өтеген" және "Қасық" деп аталатын жаңа үш шекара заставасы ашылды деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Шекара қызметінің хабарлауынша, жаңа заставалар "Оңтүстік" аймақтық басқармасының Қордай шекара отрядының құрамына кіреді.

Жаңа заставалар әскери қызметті атқаруға қажетті барлық заманауи талаптарға сай салынған деп хабарланды.

Биыл Қазақстанда 10-нан астам жаңа шекара заставасы салынған.
XS
SM
MD
LG