Accessibility links

Ресей Сирияға әскери көліктерін жөнелтті


Сирияға келіп қонған ресейлік гуманитарлық көмек тиеген ұшақ Латакияға қонды. Көрнекі сурет.
Сирияға келіп қонған ресейлік гуманитарлық көмек тиеген ұшақ Латакияға қонды. Көрнекі сурет.
Ресей Сирияға химиялық қару-жарақтарды тасымалдауға арналған 75 әскери көлік пен техникасын жөнелтті. Сирияның химиялық қару-жарақтары халықаралық келісім бойынша бұл елден сыртқа шығарылып, жойылады.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін президент Владимир Путинге Сирияға брондалған 25 "КамАЗ" жүк көлігі мен 50"Урал" көлігі жіберілгенін хабарлады.

Шойгудың айтуынша, әскери көліктер 18-20 желтоқсанда Сирияның Латакия портына жөнелтілген. Сирияға бұдан өзге де бірнеше әскери техника жіберілген. Бірақ Шойгу олардың атын атамады.

АҚШ пен Ресей жасасқан келісім бойынша, Сирия химиялық қаруын 2014 жылдың көктеміне дейін халықаралық қауымдастыққа тапсыруы тиіс. Сирияның химиялық қаруын жою жұмыстарын Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым атқарып жатыр.

Ұйым басшысы Ахмет Узумджудың айтуынша, жоспарға сай химиялық қару Сирия территориясы арқылы үш мың контейнерге тиеліп шығарылады. Әуелі Ресейдің брондалған техникалары арқылы химиялық қару Сирияның Латакия портына жеткізіледі. Бұдан соң ол даниялық және норвегиялық кемелерге тиеліп, Италия портына әкетіледі. Бұл жерден аса улы делінген заттар америкалық кемеге тиеліп, мұхитта жойылады. Қалған бөлігі арнайы кәсіпорындарда құртылады.

Ұйым жалпы салмағы 1300 тонна химиялық қаруды 2014 жылдың ортасына дейін жойып бітіруді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG