Accessibility links

Ресей Украинаға көмек қаржы бөлуді бастамақшы


Ресей қаржы министрі Антон Силуанов.
Ресей қаржы министрі Антон Силуанов.
Ресей Украинаның құны 3 миллиард АҚШ доллары болатын еурооблигацияларын сатып алуға төленетін қаржыны 24 желтоқсанда аудармақ. Бұл туралы бүгін Мәскеуде Ресей қаржы министрі Антон Силуанов мәлімдеме жасады.

Еурооблигацияларды сатып алу Украина мен Ресейдің 17 желтоқсанда жасаған келісімі аясында жүргізіліп отыр. Ол келісім бойынша Ресей Украинаға 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек қаржы бөліп, табиғи газын арзан бағаға сатпақ. Ресей 15 миллиард АҚШ долларын Украинаның құнды қағаздарына салу арқылы бөлмекші.

Украинаға қазір экономикасын қиындықтан шығару үшін 10 миллиард АҚШ доллары қажет.

Кейбір сарапшылар Ресей қаржылай көмекті Украинаға ықпалын арттырып, оның Еуропа Одағынмен жақын байланыс орнатпауы үшін ұсынған дейді. Бірақ бүгін Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов Мәскеу Киевтен көмек ақшаны кез-келген уақытта қайтаруды талап етуі мүмкін екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG