Accessibility links

Атамбаев Ресеймен газ келісімін ратификациялады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресеймен газ келісімін ратификациялады. Келісім бойынша, ресейлік "Газпром" компаниясы "ҚырғызГаз" мемлекеттік компаниясын бір долларға сатып алып, Қырғызстанның газ инфрақұрылымына 655 миллион АҚШ долларын салмақ.

23 желтоқсанда Армения парламенті де осыған ұқсас келісімді ратификациялаған. Армения оппозициясы ол келісімге қарсы болды. Келісім бойынша, "Газпром" бұған дейін 80 пайыз акция пакетіне ие болып келген "АрмРосгазпром" бірлескен компаниясының қалған 20 пайыз акциясына ие болады. "Газпром" Арменияның барлық газ импортына 2043 жылға дейін бақылау жасайды.

Армения мен Қырғызстан Мәскеудің ықпалы күшті Кеден одағына кірмек ниетте. Ресей үкіметінің мәлімдеуінше, 2015 жылға қарай Кеден одағы Еуропа одағы үлгісіндегі Еуразия одағына айналмақ.
XS
SM
MD
LG