Accessibility links

Астронавтар Халықаралық ғарыш станциясын жөндемек


Халықаралық ғарыш станциясы.
Халықаралық ғарыш станциясы.
Халықаралық ғарыш станциясының экипажы бүгін станцияның салқындату жүйесін жөндеу үшін екінші рет ашық ғарышқа шығуға дайындалып жатыр. НАСА астронавтары Рик Мастраккио мен Майк Хопкинс істен шыққан насостың орнына жаңа аппарат салып көрмек. Бұзылған насосты астронавтар 21 желтоқсанда ғарышқа алғаш шыққанда шешіп алған.

Халықаралық ғарыш станциясының америкалық бөлігіндегі салқындату жүйесінің бірі 11 желтоқсанда істен шыққан еді. Болжам бойынша, жөндеу жұмыстары алты сағатқа созылады. Астронавтар станция бортынан ашық ғарышқа Астана уақытымен 17 сағат 10 минутта шығады.
XS
SM
MD
LG