Accessibility links

Египетте полиция бекеті маңында жарылыс болды


Каир көшесіндегі қауіпсіздік күштері. (Көрнекі сурет)

Каир көшесіндегі қауіпсіздік күштері. (Көрнекі сурет)

Египеттің солтүстігіндегі әл-Мансур қаласында бүгін полиция бекеті маңында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты. Жарылыстан жүзден астам адам жараланған.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Бірақ Reuters агенттігінің дерекөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бекетте бомба тиелген көлік жарылған. Египет телеарнасы жараланғандар арасында қауіпсіздік қызметінің жоғары шенді екі қызметкері бар деп хабарлады.

Жарылыстан бір күн бұрын "Әл-Қаида" ұйымына жақын топ Египет әскерилері мен полицейлерін "содырлардың құрбаны болатынын" ескертіп, әскери қызметтен кетуге шақырған.

Әл-Мансур қаласы ел астанасы Каирден солтүстік-шығысқа қарай 120 километр жерде орналасқан. Халқы жарты миллионға жуықтайды.
XS
SM
MD
LG