Accessibility links

Сноуден: Миссиям орындалды


АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы тыңшысы Эдвард Сноуден.

АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы тыңшысы Эдвард Сноуден.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері, америкалық арнайы қызметтің кейбір құпияларын әшкере еткен Эдвард Сноуден "миссиясының орындалғанын" мәлімдеді. Бұл туралы ол Washington Post басылымына берген сұхбатында айтты.

Сноуден "қоғамды өзгерту ниеті болмағанын", "адамдарға қандай да бір өзгерістің қажет екенін түсінуге мүмкіндік бергісі келгенін" мәлімдеген.

Ол бұған қоса өзінің Ресей билігімен ешқандай байланысы жоғын және олармен ешқандай келісім жасаспағанын да білдірген. Қазір "тақуалық өмір салтын ұстанғанын" айтқан ол ол негізінен қуырылған картоп және кеспемен ғана күнелтіп, уақытының көбін интернетте өткізетінінен хабардар еткен.

Эдвард Сноуден Ресейден биыл тамызда бір жылға баспана алған. Ол америкалық арнайы қызметтің азаматтардың телефон және электрондық байланыстарына тыңшылық жасайтын арнайы бағдарламалары барын, АҚШ-тың бірқатар шет мемлекет басшыларының телефондарын тыңдайтынын жария еткен.

АҚШ Сноуденді құпия құжаттарды ұрлады деп айыптап, Ресейден оны қайтаруды талап етеді.
XS
SM
MD
LG