Accessibility links

Саакашвилиге Украинаға кіруге тыйым салынды


Михаил Саакашвили (оң жақта) Украинаның оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличкомен кездесіп отыр. Киев, 7 желтоқсан 2013 жыл.

Михаил Саакашвили (оң жақта) Украинаның оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличкомен кездесіп отыр. Киев, 7 желтоқсан 2013 жыл.

Украина билігі елге шетелдік 36 азаматтың, оның ішінде Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің келуіне тыйым салды.

Украиналық "Коммерсант" газетінің хабарлауынша, Украинаның сыртқы істер министрлігі мен қауіпсіздік қызметі мұндай шешімді "тыйым салынған шетелдіктер елде демонстрациялар болып жатқан уақытта тұрақсыздық орнату үшін оппозициямен жұмыс істеседі" деген күдікпен қабылдаған.

Басылымның жазуынша, Саакашвилиден өзге Грузияның тағы 29 азаматы, бес америкалық пен бір сербиялық азамат "нон-грата тұлға" деп жарияланған. Тыйым салынған грузиялықтардың көпшілігі - бизнесмендер.

Шетелдіктердің елге келуіне тыйым салу парламенттегі басқарушы "Аймақтар" партиясының депутаты Олег Царевтің ұсынысы бойынша енгізілген. Депутат "шетелдік кеңесшілердің елге жиі келгіштей беруі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" дейді.
XS
SM
MD
LG