Accessibility links

Ходорковский Швейцариядан виза сұрады


Ресейлік ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский баспасөз мәслихаты кезінде. Берлин, 22 желтоқсан 2013 жыл.

Ресейлік ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский баспасөз мәслихаты кезінде. Берлин, 22 желтоқсан 2013 жыл.

Ресейдің таяуда түрмеден босатылған бұрынғы олигархы Михаил Ходорковский Швейцарияға бару үшін виза сұрады. Швейцарияда оның ұлдары мектепте оқиды.

Швейцария сыртқы істер министрі Штефан вон Белоудың айтуынша, 24 желтоқсанда Ходорковский Берлиндегі Швейцария елшілігі арқылы үш айға виза сұратқан.

Ходорковский қаржылық қылмыстарға қатысты айыппен Ресей түрмесінде 10 жылдан аса отырып, 20 желтоқсанда Ресейде конституцияның 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылық заңымен босап шыққан еді.

Түрмеден шығысымен ол бірден Германияға кетіп қалды.
XS
SM
MD
LG