Accessibility links

БҰҰ: Оңтүстік Суданға қосымша әскер кіргізіледі


Оңтүстік Судан үкімет әскері. Джуба, 20 желтоқсан 2013 жыл.

Оңтүстік Судан үкімет әскері. Джуба, 20 желтоқсан 2013 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 24 желтоқсанда Оңтүстік Судандағы бітімгершілік күштерінің санын екі есеге жуық көбейтуді қолдап дауыс берді. Енді бұл елдегі бітімгершілік мақсаттағы әскер саны 12 мың 500 адамға жетпек. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік кеңесінен бұл елде үлкен этникалық қақтығыстар туудың алдын-алу үшін қосымша әскер бөлуді сұраған.

БҰҰ тергеушілерінің өкілі Тоби Ланзер кеше Оңтүстік Суданның солтүстіктегі штатының Бентиу қаласында қырғыннан қаза тапқан адамдар көмілген орынды тапқандарын хабарлады. Қала үкімет әскеріне қарсы көтерілісшілердің бақылауында. Қаза тапқандардың 34-і үкімет әскері болуы мүмкін.

БҰҰ-ның тағы бір өкілінің айтуынша, өткен аптада елдегі зорлық-зомбылықтан 1 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Бұған дейін Оңтүстік Судан президенті Салва Киир көтерілісшілер басып алған Бор қаласын бірнеше күннен соң қайтарып алғанын хабарлаған.

Қазір Оңтүстік Суданда БҰҰ бітімгершілік күштерінің 6 мың сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG