Accessibility links

Ресей ғарышқа үш әскери спутник ұшырды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресей бүгін Плесецк ғарыш айлағынан "Рокот" зымыран тасығышы арқылы ұшырған әскери үш спутнигінің орбитаға шығарылғаны туралы ақпарат таратты.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери спутниктер басқа елдер ұшыратын зымырандарды бақылап, әскери бөлімдер арасында байланыс орнату және телефон байланыстарын тыңдау мақсатында ұшырылған.

"Рокот" зымыран тасығышы қарулы күштер сапынан шығып қалған РС-18 - "Стилет" құрлықаралық баллистикалық зымыранының негізінде жасалған. Зымыран тасығыш биылдыққа осымен төртінші рет ұшырылып отыр.
XS
SM
MD
LG