Accessibility links

Парламент мәжілісі бүгін "Жол қозғалысы туралы" заң жобасы мен оған қосымша "Қазақстан Республикасының жол қозғалысы мәселелері туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.

Заң жобаларында жүргізуші куәлігінің 7 санаттан және оған қосымша 6 санаттан тұратын жаңа үлгісін енгізу, жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту, тұрғын үйлердің аумақтарында көлік тұрақтарын салу тәртібін енгізу қарастырылған.

Жоба бойынша, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жауапкершілік күшейеді. Бірақ соған қарамастан тез арада төленген жағдайда айыппұл көлемін азайту жағы да қарастырылып отыр.

Бұған дейін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жаңа заң қабылданса сағатына 50 километр жылдамдықпен жүре алатын мопед, квадроцикл, мотоциклдердің барлығы да тіркеуге алынатынын айтқан еді.

Бұған қоса заң жобасы арқылы ерекше мемлекеттік нөмірлерді сату тәртібі де ретке келтірілмек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG