Accessibility links

Украина Ресей жәрдемінің қалғанын 2014 жылы алмақ


Украина премьер*министрі Николай Азаровтың (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі. Мәскеу, 24 желтоқсан 2013 жыл.

Украина премьер*министрі Николай Азаровтың (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі. Мәскеу, 24 желтоқсан 2013 жыл.

Бүгін Украина премьер-министрі Николай Азаров өз елінің Ресей көмек ретінде беретін ақшаның қалған сомасы - 12 милилард АҚШ долларын келесі жылдың басында алатынын хабарлады. Украина бұл көмек ақшаның алғашқы бөлігін - 3 миллиард АҚШ долларын кеше, 24 желтоқсанда алған.

Өткен аптада Ресей Украинаға экономикасын дамытуға 15 миллиард АҚШ долларын бөліп, газын арзан бағамен сатуға келісім жасасқан. Ресей 15 милилард АҚШ долларын Украинаның құнды қағаздарына салу арқылы аударады.

Украинаға қазір экономикасын қиындықтан шығару үшін 10 миллиард АҚШ доллары қажет.

Кейбір сарапшылар Ресей қаржылай көмекті Украинаға ықпалын арттырып, оның Еуропа Одағынмен жақын байланыс орнатпауы үшін ұсынған дейді. Бірақ бүгін Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов Мәскеу Киевтен көмек ақшаны кез-келген уақытта қайтаруды талап етуі мүмкін екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG