Accessibility links

Ким Чен Ын әскери дайындықты күшейтуді бұйырды


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын бүгін елдің қарулы күштеріне "ешқандай ескертусіз соғыс басталып кетуі мүмкін екенін" ескертіп, әскери дайындықты күшейтуді бұйырды. Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын мұны елдің Нампхо портты қаласындағы әскери бөлімдердің біріне барғанында айтқан.

France Press агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяда таяуда президенттің жездесі, елдегі ықпалды адамдардың бірі Чан Сон Тхэктің өлім жазасына кесілуінен кейінгі оқиғалардың дамуы алаңдаушылық тудырады. АҚШ сарапшыларының дерегінше, таяуда спутниктерден түсірілген суреттер Солтүстік Корея Йонбендегі ядролық реакторының жұмысы қайта басталуы мүмкін деген болжам жасауға себеп болып отыр.

Йонбендегі реактор 2007 жылы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты Пхеньян мен халықаралық қауымдастықтың келісімінен соң жабылған еді.
XS
SM
MD
LG