Accessibility links

Мәжіліс ҰҚШҰ-ға қатысты құжатты мақұлдады


ҰҚШҰ мемлекеттері қарулы күштерінің әскери жаттығуы. Қырғызстан, 21 қыркүйек 2011 жыл. Көрнекі сурет.

ҰҚШҰ мемлекеттері қарулы күштерінің әскери жаттығуы. Қырғызстан, 21 қыркүйек 2011 жыл. Көрнекі сурет.

Парламент мәжілісі бүгін "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери құрылым нысандарын орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Хаттама 2011 жылы 20 желтоқсанда Мәскеуде жасалған.

Құжат бойынша, ҰҚШҰ-ға (орысша ОДКБ - ред) мүше мемлекеттер ұйымдағы өзге мүшелердің келісімін алғаннан кейін ұйымға мүше емес елдердің әскерін, әскери құрылым нысандарын өз территориясына орналастыра алады.

Мәжіліс депутаты, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаевтың айтуынша, ұйымға мүше емес елдердің әскері мен әскери нысандарын орналастыру ұйымға мүше елдермен "шұғыл кеңесулер өткізгеннен кейін және олар ресми қарсылық танытпаған жағдайда іске асады".
XS
SM
MD
LG