Accessibility links

Ақтау полицейінің өліміне қатысты үкім заңдастырылды


Әскери соттың аппеляциялық коллегиясының төрағасы Айдын Нұрбеков. Алматы, 25 желтоқсан 2013 жыл

Әскери соттың аппеляциялық коллегиясының төрағасы Айдын Нұрбеков. Алматы, 25 желтоқсан 2013 жыл

Әскери соттың апелляциялық коллегиясы Ақтауда өлген полицейдің өліміне қатысты сотталған және зардап шеккендердің үкімді өзгерту туралы арызын, прокуратураның қарсылығын қанағаттандырмай тастады. Сот бұл шешімді 25 желтоқсан күні қабылдады. Үкім бүгіннен бастап заңды күшіне енді. Коллегия төрағасы Айдын Нұрбеков сот шешіміне қатысты кассациялық сотқа шағым түсіруге болатынын айтты.

Маңғыстау облыстық ІІД-нің 24 жастағы аға лейтенанты Әділет Тұрсынбеков 2011 жылғы 7 қаңтарда екі апта бұрын алған жарақаты асқынып ауруханада қайтыс болған еді. Оның өліміне қатысты Ақтаудың 6 тұрғыны істі болған. Олардың екеуі - сол кезде ҰҚК қызметкерлері еді.

Бұл іске қатысты сот үкімі 9 қазан күні шыққан. Ақтаудағы күзет компанияларының бірінің бұрынғы қызметкері Қайрат Айтбаевты ауданаралық әскери сот қасақана жарақат салу бабы бойынша айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған. ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері Ренат Бердалиев пен Самат Сабалақов өкілетін асыра пайдаланғандары үшін 6 және 4 жылға сотталған еді.

Қаза тапқан полицейдің туыстары да, сотталғандардың адвокаттары да сот үкіміне наразы екендерін, шағым түсіретіндерін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG