Accessibility links

Түркияда тағы бір министр отставкаға кетті


Түркияның қоршаған ортаны қорғау министрі Ердоған Байрактар.

Түркияның қоршаған ортаны қорғау министрі Ердоған Байрактар.

Түркияда үкіметтегі коррупциялық тергеулерден кейін тағы бір министр - қоршаған ортаны қорғау министрі Ердоған Байрактар отставкаға кетуге өтініш берді.

Байрактар министрлік қызметі мен депутаттық өкілетінен бас тартатынын мәлімдеп, премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанды да өзінен үлгі алуға шақырды.

Бұған дейін үкімет пен құқық қорғау органдары арасында жанжал тудырған коррупциялық істерге қатысты тергеулерден ішкі істер министрі Муаммер Гүлер мен экономика министрі Зафер Чаглаян отставкаға кеткен еді.

Полиция 17 желтоқсанда мемлекеттік Halkbank банкіне қарсы коррупциялық іске қатысты айыпты деп қамаған 24 адамның арасында осы үш министрдің де ұлдары бар.

Премьер-министр Ердоған коррупциялық іске қатысты тергеулерге жауап ретінде құқық қорғау органдарында кадрлық өзгерістер жасады. Ол коррупциялық тергеулерді "Түркияда тұрақсыздық орнату мақсатында шетелден ұйымдастырылған астыртын әрекет" деп атады.
XS
SM
MD
LG