Accessibility links

Тәжікстандық оппозиционер 26 жылға сотталды


Тәжікстандық оппозиционер әрі бизнесмен Зайд Саидов.
Тәжікстандық оппозиционер әрі бизнесмен Зайд Саидов.
Тәжікстан соты 25 желтоқсанда оппозиционер әрі бизнесмен Зайд Саидовты "қаржылық алаяқтық жасады, көп әйел алды және кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасады" деп айыптап, 26 жылға соттады. Полиция Саидовты жақтап сотқа барған ондаған адамды қуып таратты.

Тіркелмеген "Жаңа Тәжікстан" партиясын басқарған Саидов мамыр айында тұтқындалған еді. Ол өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.

Осы жылдың басында, 6 қарашада өткен президент сайлауына дайындық кезінде Саидов өз партиясының саяси бағдарламасын ұсынып, үкіметті "тиімсіз реформалар жүргізіп, шағын және орта бизнеске қысым жасағаны және бағаны қымбаттатып, коррупцияны асқындырғаны" үшін қатаң сынаған еді.
XS
SM
MD
LG