Accessibility links

Түркия премьері үкімет құрамын жаңартты


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 25 желтоқсанда коррупциялық жанжалдан үш министр отставкаға кеткеннен кейін үкіметте бірнеше министрдің қайта тағайындалатынын хабарлады.

Кеше Ердоған президент Абдулла Гүлмен жабық есік жағдайында кездескен соң, 10 министрді ауыстыратынын мәлімдеген. Оның алдында экономика, ішкі істер және қоршаған ортаны қорғау миинстрлері отставкаға кеткен еді. 17 желтоқсанда үш министрдің ұлдары мемлекеттік Halkbank банкіндегі коррупциялық істерге қатысты қамауға алынған болатын.

Коррупциялық жанжалға қатысты үкімет құрамында Еуропа одағымен байланыс жөніндегі министр де жаңадан тағайындалды.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған коррупциялық тергеулерді "Түркияда тұрақсыздық орнату мақсатында шетелден ұйымдастырылған астыртын әрекет" деп атаған.
XS
SM
MD
LG