Accessibility links

Ресей Беларуське қосымша несие бермек


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Беларусь президенті Александр Лукашенко кездесу кезінде. Мәскеу, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Беларусь президенті Александр Лукашенко кездесу кезінде. Мәскеу, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин 25 желтоқсанда өз елінің Беларуське 2014 жылы қосымша несие беретінін хабарлады. Мәскеуде Ресей мен Беларусь мемлекеттік кеңесінің отырысында сөйлеген Путин: "Ресей үкіметі Беларуське қосымша 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беруге шешім қабылдады" деді.

Ресей қаржы министрі Антон Силуанов несие Ресейдің мемлекеттік әл-ауқат қорынан бөлінбейтінін айтады. Мемлекеттік жиынның арасында журналистерге сұхбат берген Силуанов несие 10 жыл мерзімге үкіметаралық келісім негізінде берілетінін хабарлады.

Өткен аптада Мәскеу мен Киев Ресей мемлекеттік әл-ауқат қорынан Украинаға 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек қаржы бөлуге келісім жасасқан.
XS
SM
MD
LG