Accessibility links

Иран парламенті уран жайлы заң жобасын даярлады


Иран парламенті. (Көрнекі сурет)

Иран парламенті. (Көрнекі сурет)

Иран парламентінің 100-ге тарта депутаты егер Иранға жаңа бір халықаралық санкциялар салынатын болса ел үкіметін уранды 60 пайызға дейін байытуды міндеттейтін заң жобасын әзірлеген.

Иран мемлекеттік агенттіктерінің хабарлауынша, аталған заң жобасын парламенттің қашан талқылайтыны белгісіз.

АҚШ конгресінің сенаты да өткен аптада егер Иран 24 қарашада Женевада жасасқан уақытша келісімді орындамаса жаңа санкциялар салуды қарастыратын заң жобасын даярлаған еді.

24 қарашада Женевада аяқталған келіссөздер нәтижесінде, Иран жағы бес пайыздан көп уран байытуды алты айға уақытша тоқтатуға, ал Батыс мемлекеттері ол елге қарсы санкцияны "босаңсытуға" келіскен. Бұл келіссөздерге Иран мен "алтылық елдері" - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысқан.

Бірақ келісімнен кейін де АҚШ сенатындағы бірқатар саясаткерлер Тегеран келісімді бұзған жағдайда алты айдан кейін күшіне енетін жаңа санкциялар салу туралы бастама көтерген еді. Ақ үй конгресті Иранға қарсы жаңа санкциялар салмай қоя тұрып, келісімнің іске асуына мүмкіндік беруге шақырған.
XS
SM
MD
LG