Accessibility links

Украина журналисін "соққыға жыққан" күдіктілер ұсталды


Украиналық журналист Татьяна Чорновилге шабуыл жасалуына қарсылық акциясы. Киев, 25 желтоқсан 2013 жыл.

Украиналық журналист Татьяна Чорновилге шабуыл жасалуына қарсылық акциясы. Киев, 25 желтоқсан 2013 жыл.

Украинада оппозициялық белсенді әрі журналист Татьяна Чорновилді соққыға жықты деген күдікпен екі адам ұсталды. Тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр. 34 жастағы Чорновилді 25 желтоқсанға қараған түні Киевтің маңында белгісіз үш адам соққыға жығып кеткен еді. Шабуыл жасалардан бірер сағат бұрын оның үкіметтегі коррупциялық істерге қатысты мақаласы жарияланған. Күдікті үш адамның кім екені 25 желтоқсанда анықталған.

"Украинская правда" веб-сайтына мақала жариялап тұратын Чорновил Украинадғы үкіметке қарсы демонстрацияларда жиі сөйлеп жүрген.

Кеше жүздеген демонстрант Киевте ішкі істер министрлігінің алдында пикет өткізіп, Чорновилді соққыға жыққандарды тауып, жазалауды талап еткен. Ал "УДАР" оппозициялық партиясының жетекшісі Виталий Кличко украиналық журналистерді бір күнге президент Виктор Янукович туралы хабарлар беруді тоқтатуға шақырған.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы бойынша өкілі Дуня Миятович журналистің соққыға жығылуына алаңдаушылық білдіріп, Украина билігін оқиғаны мұқият тексеруге шақырды.

Ауыр жарақат алған Татьяна Чорновил қазір ауруханада жатыр.
XS
SM
MD
LG