Accessibility links

Greenpeace белсенділеріне рақымшылық жасалды


Greenpeace өкілдері Дмитрий Литвинов пен Питер Уилкокс қылмыстық істерінің жабылғаны туралы сот шешімін ұстап тұр. Санкт-Петербург, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Greenpeace өкілдері Дмитрий Литвинов пен Питер Уилкокс қылмыстық істерінің жабылғаны туралы сот шешімін ұстап тұр. Санкт-Петербург, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Ресейде қамауда отырған Greenpeace халықаралық экологиялық ұйымының барлық белсендісі мен Arctic Sunrise кемесінің экипаж мүшелеріне рақымшылық жасалды. Ұйым өкілдері конституцияның 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылықпен үстілерінен қозғалған қылмыстық істің жабылғаны туралы құжаттарын алды. Ұйым өкілдеріне Арктикада мұнай өткізуге қарсылық акциясын өткізбек болғандары үшін "бұзақылық жасамақ болды" деген айып тағылған еді.

Greenpeace-тің ресейлік бөлімінің хабарлауынша, босатылған 20-дан астам шетел азаматтарының алғашқылары бүгіннің өзінде Ресейден кетіп қалуы мүмкін. Бұған дейін Бразилия, Аргентина, Түркия және Украина белсенділері қылмыстық іс жабыла салысымен-ақ елдеріне қайтатыны хабарланған еді.

Ал Greenpeace-тің тағы бір белсендісі, Швеция азаматы Дмитрий Литвинов Ресей терегу орындарымен күресін жалғастыратынын мәлімдеген. Оның айтуынша, ресейлік құқық қорғау орындары тым болмағанда белсенділерден кешірім сұрауы тиіс.

Greenpeace-тің 30 белсендісін 19 қыркүйекте Ресей шекарашылары "Газпромның" Баренц теңізіндегі мұнай платформасында наразылық акциясын өткізбек болғанда ұстаған еді. Әуелде оларға "қарақшылық жасамақ болды" деген айып тағылған. Кейін сот оны "бұзақылық жасау" айыбына өзгертіп, оларды 2 айға қамаған. Осыдан бір ай бұрын Санкт-Петербург соты экологтарды кепілге босатқан.
XS
SM
MD
LG