Accessibility links

Түркіменстанда темекіге қарсы заң күшіне енді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Түркіменстанда азаматтардың денсаулығын темекі түтіні мен оның кері салдарынан қорғауды көздейтін, темекіге тыйым салатын заң күшіне енді.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа заң мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде, институттарда, мейрамхана, дүкен, мәдение орталықтар мен парктерде темекі шегуге тыйым салады. Бұған қоса барлық ақпарат құралдары мен сауда орындарында темекіні жарнамалау тоқтатылады.

Заң бойынша, Түркіменстанда бұдан былай темекі өнімдерін сыйлық ретінде беруге де болмайды. Құжатта мемлекет темекі шегумен байланысты аурулардан зардап шегетін адамдарға тиісті медициналық көмек көрсететіні айтылған.
XS
SM
MD
LG