Accessibility links

Приднестровье Ресей заңдарын мойындады


Молдовадан бөлінген Приднестровье аймағының картасы.

Молдовадан бөлінген Приднестровье аймағының картасы.

Молдовадан бөлінген Приднестровье аймағының билігі аймақта Ресейдің федералдық заңдарын мойындау туралы конституциялық заң қабылдады. Заңды 25 желтоқсанда Приднестровьенің заң шығару орындары мақұлдаған.

Приднестровье аймағының іс жүзіндегі басшысы Евгений Шевчук аймақтың Ресейдің заңына бағынуы "аймақ тұрғындарының еркіне негізделген суверенді құқығы" деді. Шевчуктің айтуынша, заң жобасын қабылдау қажеттігі қарашада Молдованың Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюынан туындаған.

Приднестровье жетекшісінің сөзіне қарағанда, аймақтың мақсаты - еуразиялық кеңістікке, яғни Кеден Одағымен интеграцияға ұмтылу. Ал Молдова премьер-министрі Евгений Карпов Преднестровье билігінің бұл шешімін желтоқсанда Киевте өткен "ЕҚЫҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде жасалған келісімді бұзу" деп санайды.

Мәскеу қолдайтын Приднестровье аймағы Молдовадан іс жүзінде 1990 жылдардың басында бөлініп кеткен.

Ресей пост-советтік елдерді, оның ішінде Украинаны ЕО-мен жақын қарым-қатынастан бас тартқызғысы келеді.
XS
SM
MD
LG