Accessibility links

Ауылшаруашылық вице-министрі қамауға алынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Астананың Алматы аудандық №2 соты ауылшаруашылық вице-министрі Мүсілім Өміраевты "аса ірі көлемде пара алу" туралы айыппен қамауға алу туралы санкция шығарды.

Қаржы полициясы 26 желтоқсан күні "сот Өміраевты қылмыстық іс материалдары негізінде қамауға алу туралы санкция шығарғанын" хабарлады.

Мүсілім Өміраевты полиция 21 желтоқсан күні "жеке кәсіпкерден тендерді жеңіп алуына көмектесу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды" деген күдікпен ұстаған еді. Ұсталған күні оның үстінен "аса ірі көлемде пара алу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Мүсілім Өміраев ұсталғаннан кейін "егер орынбасарының кінәлі екені сотта дәлелденсе отставкаға кететінін" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG