Accessibility links

Барак Обама бюджет жобасына қол қойды


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама 26 желтоқсанда елдің екі жылға жоспарланған бюджеті туралы заң жобасына қол қойды.

Құжат бойынша, мемлекеттік мекемелердің шығынын азайтудан (секвестр) түскен 65 миллиард АҚШ доллары болатын бюджет қаржысы қайта қалпына келтірілмек. Ол қаржы Пентагон бюджетін толықтыруға, медициналық зерттеулерге, мектептерге көмек көрсетуге, Федералдық тергеу бюросы (ФБР) мен шекара қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге жұмсалады.

Бюджет жобасын 12 желтоқсанда конгресстің республикашылдар басым өкілдер палатасы, 18 желтоқсанда демократтар басым сенат мақұлдаған.

Қазан айында конгресс бюджет жобасына қатысты келісе алмай, үкіметтік мекемелер бірнеше күнге жабылып қалып, АҚШ дефолтқа ұрына жаздаған еді.
XS
SM
MD
LG