Accessibility links

Бішкекте құқық қорғау ұйымы тоналды


"Бір әлем - Қырғызстан" құқық қорғау ұйымын құрған Төлекан Исмаилова.

"Бір әлем - Қырғызстан" құқық қорғау ұйымын құрған Төлекан Исмаилова.

Қырғызстандағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын "Бір әлем - Қырғызстан" танымалы ұйымының кеңсесін тонап кетті.

"Бір әлем - Қырғызстан" үкіметтік емес ұйымы өкілдерінің бүгін Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, ұрылар ұйымның Бішкектегі кеңсесіне түнде кіріп, компьютерлерді, құжаттар мен видео материалдарды және басқа да бағалы заттарды алып кеткен. Қазір полиция ұйым кеңсесін тонағандарды іздестіріп жатыр.

Ұйымды Қырғызстан құқық қорғаушысы Төлекан Исмаилова құрған. Кейін ұйым үкіметтегі коррупциялық істерді зерттеумен айналысты.
XS
SM
MD
LG