Accessibility links

Египетте қақтығыстардан төрт адам өлді


Каирдегі әл-Азхар университетінің студенттері мен полиция арасындағы қақтығыстар. Каир, 27 желтоқсан 2013 жыл.

Каирдегі әл-Азхар университетінің студенттері мен полиция арасындағы қақтығыстар. Каир, 27 желтоқсан 2013 жыл.

Египетте 27 желтоқсанда полиция мен "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жақтастары арасында қақтығыс болып, төрт адам қаза тапты. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Каир мен өзге төрт қалада болған қақтығыстардан 87 адам жараланған. Ал ішкі істер министрлігі 265 адамның тұтқындалғанын хабарлады.

24 желтоқсанда Әл-Мансур қаласында жанкешті жарылыс жасап, 16 адам өлген. Әскерилер қолдайтын үкімет жарылысты "Мұсылман бауырлар" қозғалысынан көріп, қозғалысты "террористік ұйым" деп жариялаған. Бірақ "Мұсылман бауырлар" ол жарылысқа қатысы барын жоққа шығарады.

Биыл шілдеде әскерилер "Мұсылман бауырлар" қозғалысының өкілі, демократиялық жолмен сайланған президент Мұхамед Мурсиді биліктен тайдырғаннан кейін қозғалыс өкілдері қудалауға ұшырап, билік олардың наразылықтарын ара-тұра басып-жаншып келеді.
XS
SM
MD
LG