Accessibility links

Түркияда полиция наразыларға күш қолданды


Стамбулда полиция 27 желтоқсанда Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның үкіметтегі коррупциялық тергеулерге байланысты отставкаға кетуін талап еткен наразылық танытушыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ және пластикалық оқ атып, су шашты.

Анкарада да полиция үкіметке қарсы демонстранттарды таратуға кірісті.

Наразылық акциялары кеше сот үкіметтің полицияны тергеу жүргізетіні туралы әуелі жоғарыдағы басшыларын хабардар етуге міндеттейтін жаңа қаулы шығаруына тосқауыл қойған соң басталған.

Полиция мен үкімет арасындағы жанжал желтоқсанның ортасында басталған. 17 желтоқсанда Анкара мен Стамбулда полиция 24 адамды мемлекеттік Halkbank банкіндегі коррупциялық істерге қатысты тұтқындаған. Олардың арасынд Ердоған үкіметіндегі үш министрдің ұлдары да бар. Тұтқындаулардан соң елде құқық қорғау орындарының 70-ке тарта шенеунігі қызметтен босатылып, үкімет құрамы жаңарған.

Режеп Тайып Ердоған коррупциялық тергеулерді "Түркияда тұрақсыздық орнату мақсатында шетелден ұйымдастырылған астыртын әрекет" деп атаған.
XS
SM
MD
LG