Accessibility links

Қытай "Бір отбасы - бір бала" саясатын жұмсартты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қытай "бір отбасы - бір бала" саясатын ресми түрде жеңілдетті. Бүкілқытайлық халық өкілдері кеңесінің тұрақты комитеті бүгін 1980 жылдары енгізілген бала туу санын шектеу саясатын жеңілдететін құжатты мақұлдады.

Жаңа құжатқа сай, енді егер ерлі-зайыптылардың бірі әке-шешесінен жалғыз болса, онда оларға екі бала тууға шектеу қойылмайды. Бұған дейінгі бала тууды шектеу саясаты бойынша тек ерлі-зайыптылардың екеуінің де бауырлары болмаса, яғни екеуі де әке-шешеден жалғыз болған жағдайда ғана екі бала өсіруге рұқсат етілетін.

Қытайдың коммунистік үкіметі "бір отбасы - бір бала" саясатын 1980 жылдары халық санының өсуін бақылау мақсатында енгізген еді.

1 миллиард 350 миллионға жуық тұрғыны бар Қытай - әлемдегі халық саны ең көп мемлекет.
XS
SM
MD
LG