Accessibility links

Дағыстанда полиция бөлімін атқылаған


Дағыстанның Хасавюрт ауданындағы операция барысында бүлінген автокөлік.

Дағыстанның Хасавюрт ауданындағы операция барысында бүлінген автокөлік.

Дағыстанда жексенбіге қараған түні белгісіз адамдар Хасавюрт аудандық полиция бөлімін гранатометтен атқылаған.

Құқық органдары өкілдерінің айтуынша, ғимараттың сырты аздап бүлінген, бірақ ешкім зардап шекпеген деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

Бүгін таңертең Дағыстанда Сүлейман-Стальский және Қызылюрт аудандарында террорға қарсы операциялар басталғаны айтылып отыр.

Бұған дейін Ресей Ұлттық антитеррористік комитеті сенбі күні Хасавюрт ауданы маңындағы арнайы жасақ сарбаздарының қоршауын бұзып шықпақ болған кезде Ислам Атиев деген адамның оққа ұшқанын хабарлаған еді. Бұл кісі Солтүстік Кавказда ислам халифатын орнатуды көздейтін Доку Умаровтың экстремистік тобының мүшесі саналады. Ресей құқық органдары Атиевті "қолдан жарылғыш құрылғылар жасаған" және "полицияға шабуылдаған" деп айыптайды.

Хасавюрт ауданындағы арнайы операция 27 желтоқсанда басталған.
XS
SM
MD
LG