Accessibility links

Қытай Гуантанамодағы ұйғырлардың Словакияға жіберілуіне қарсы


Гуантанамо түрмесінің сыртқы қақпаларының бірі.

Гуантанамо түрмесінің сыртқы қақпаларының бірі.

Қытай 2 қаңтар күні АҚШ-тың Гуантанамо түрмесінде отырған үш ұйғырды Словакиядағы қамау орталығына жіберу туралы шешімін сынады.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні ұйғыр тұтқындарды елге қайтаруға тырысатындарын, олардың қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтты.

Пекинде өткен баспасөз мәслихатында сыртқы істер министрлігінің өкілі Цинь Ган: "Олар - нағыз терроршылар. Олар тек Қытайдың емес, өздерін қабылдап алатын кез-келген елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Қытай оларды қабылдап алушы ел халықаралық міндеттемелерін орындап, терроршыларға баспана бермей, Қытайға тез қайтарады деп үміттенеді" деп мәлімдеді.

АҚШ осы аптаның басында Гуантанамо әскери түрмесінде отырған үш ұйғыр босатылады және Словакияға тапсырылады деп мәлімдеген. Словакияның ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растаған.

Ұйғырлар - Қытайдың батысындағы Шыңжаң өлкесін мекендейтін ең ірі түркітілдес этникалық топ. Пентагонның хабарлауынша, Словакияға жөнелтілетін үш ұйғыр - Гуантанамода қамауда болған қытайлық 22 мұсылманның ең соңғылары. Бұл үшеуі де 2001 жылы Ауғанстанда ұсталған.
XS
SM
MD
LG