Accessibility links

АҚШ Израиль мен Палестинаны келістірмек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Палестина президенті Махмұд Аббас. Рамаллах, 3 қаңтар 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Палестина президенті Махмұд Аббас. Рамаллах, 3 қаңтар 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерді жалғастырып жатыр. Бүгін оның бұл аймақта жүргеніне үшінші күн.

Бірақ сарапшылар Израиль мен Палестина өкілдерінің мәмілеге келуі қиын деп болжайды.

Палестина президенті Махмұд Аббас Израильдің соңғы мәлімдемесіне наразы болып отыр. Израиль тарапы басып алған жерлерге тұрғын үйлер салатынын хабарлаған еді. Аббас Израильдің бұл әрекетін бейбіт келісімге кедергі санайды.

Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Аббастың сейсенбі күні Израиль түрмелерінен босатылған тұтқындарды қаһармандар ретінде қарсы алғанына наразы.

Керри Израиль және Палестина өкілдері мәмілеге келу үшін батыл шешімдер қабылдауы керек деп санайды.
XS
SM
MD
LG