Accessibility links

Жерорта теңізінде мыңнан аса мигрант құтқарылды


Әскери кеме. (Көрнекі сурет)

Әскери кеме. (Көрнекі сурет)

Италия теңіз әскери күштерінің кемелері 3 қаңтар күні Жерорта теңізінен бір тәулік ішінде мыңнан аса мигрантты құтқарды.

Жерорта теңізіндегі Италияға қарасты Лампедуза аралының маңында төрт қайықтың жолаушылары - 823 мигрант құтқарылған. Мигранттардың айтуынша, олар - Египет, Тунис, Пәкістан, Ирак азаматтары. Мигранттар Сицилияға жеткізілген.

Ал 233 мигрант мінген қайыққа теңіздегі қатты дауыл қатер төндірген. Олар да Лампедуза аралының маңында құтқарылды. Жолаушылардың көбі Эритрея, Нигерия, Сомали, Пәкістан, Замбия және Мали азаматтары.
XS
SM
MD
LG